Белгілі болғандай, оқиға бүгін сағат 8:27-де тіркелген. Алматыдағы Төле би және ШААЖ көшелерінің қиылысында «ЛиАЗ» автобусы жанып кетті. Автобус ішінде жолаушылар болмаған.
«Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру үшін дереу көбігі бар бөшкелер қолданылды. Сондай-ақ автобус құрылымдарын салқындату жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 08:45-те оқшауланып, тағы бес минуттан кейін толық сөндірілді», делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері мен екі техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.