Әлем • 15 Ақпан, 2023

Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Зеландияда «Габриэль» циклонына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Қатты дауылдың салдарынан су тасқыны болып, мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды

Елдің премьер-министрі Крис Хипкинстің сөзінше, ел тарихында осымен үшінші рет төтенше жағдай режимі жарияланып отыр.

- «Габриэль» циклоны – Жаңа Зеландияда болған ең ауқымды табиғи құбылыстардың бірі. Мұндай елеулі және ауқымды апат бүтін бір ұрпақтың өмірінде болған емес. Елдегі төтенше жағдай тарихта үшінші рет жарияланып отыр», - дейді үкімет басшысы.

Дауыл дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні ел халқының басым бөлігі тұратын Солтүстік арал тұрғындарын әбігерге салған. 

Желдің екпіні сағатына 140 шақырымға жетіп, 11 метрлік толқындар байқалған, сондай-ақ тәулігіне 20 см-ге дейін жауын-шашын түскен. Қатты дауылдан 225 мыңға жуық адам жарықсыз қалды.

Көшкін мен жолдардың су алуына байланысты жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінен шыға алмай қалған. ТЖМ басшысының айтуынша, оқиға салдарынан 2,5 мыңға жуық адам эвакуацияланған.