Парламент • 15 Ақпан, 2023

Сенаторлар жерді пайдалану туралы заңды қарады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар жерді пайдалану туралы заңды қарады

Заңның негізгі мақсаты – жер туралы заңнаманың жекелеген ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға әкімшілік істерді қарау және тиісті жазалар қолдану жөніндегі өкілеттік беру.

Заң осылайша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жөніндегі функцияларды әкімдіктердің құзыретінен алып ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарады.

Сонымен қатар «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіру үшін және геодезиялық пункттерді сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға тиісті әкімшілік істерді қарау жөніндегі өкілеттіктер беріледі.

Заңмен енгізілетін өзгерістер мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде мал жайылымының тапшылығын сезініп отырған ауыл халқына жайылымдарды қайтару жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудағы лауазымды адамдардың қызметіне қарқын беретін болады.

Заңды қарау қорытындысы бойынша оны Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025