Әлем • 16 Ақпан, 2023

Филиппинде 6 балдық жер сілкінісі болды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Филиппинде магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Филиппиннің вулканология және сейсмология институты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Филиппинде 6 балдық жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 02:10-да тіркелген, ошағы Лусон аралындағы Масбате провинциясының Батуан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырымдай жерде 10 шақырым тереңдікте болған.

Зілзала Лусон мен Филиппиннің орталық бөлігінде, соның ішінде Албай провинциясындағы Легаспи қаласында, Сорсогон, Солтүстік Самар, Батыс Негрос және Оңтүстік Лейтеде де сезілді.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,1, тереңдігі 20 км деп бағалады.