Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Қазақстанда спорттық және туристік инфрақұрылым жаңғыртылады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте дене тәрбиесі және спортты, сондай-ақ туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобалары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда спорттық және туристік инфрақұрылым жаңғыртылады

Кеңесте тұжырымдама бойынша қалаларда қолжетімді жерлерден жаңа спорттық инфрақұрылымдық нысандарды (жүгіру және велосипед жолдары, спорттық алаңдар), өңірлерде бұқаралық спорт орталықтары мен ауылдық жерлерде модульдік спорт ғимараттарын салу жоспарланып отырғаны туралы айтылды. 

Сондай-ақ спорттық-бұқаралық шаралар мен спартакиадалар өткізу қолға алынбақ.

Туризм саласының қызмет сапасын арттыру мақсатында да түрлі жобалар жоспарланған. 

2030 жылға дейін барлық шараларды іске асырудың нәтижесінде, ішкі туристердің санын 11 млн адамға дейін арттыру, шетелдік туристерді 4 млн адамға дейін арттыру, салада жұмыспен қамтуды 800 мың адамға дейін арттыру көзделіп отырғандығы баяндалды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісіне сәйкес туризмді дамыту бойынша Қазақстанды әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосу көзделіп отыр.