Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Түркияда жүрген құтқарушы Олжас Рахметовтың қызы дүниеге келді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олжас қазір Түркияда. Ол жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Астана қаласынан жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда жүрген құтқарушы Олжас Рахметовтың қызы дүниеге келді

Олжас Түркияда құтқару жұмыстарында жүргенде оның қызы дүниеге келді.

«Бүгін елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Рахметов Олжастың қызы дүниеге келді. Қызға Аделя деген ат қойылды», деп хабарлады жедел жәрдем бөлімі.

Дүниеге келген бала Олжастың төртінші перзенті.

Олжас Рахметов 1994 жылы Астанада дүниеге келген. Ол Астананың ТЖ департаментінде 2022 жылдан бері жұмыс істейді.

«Өз ісіне жауапты кәсіби маман, үлгілі қызметкер. Жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін арнайы марапаттары да бар. Біз құтқарушымызды қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз. Әйелі мен қызына зор денсаулық, ал Олжастың өзі үйіне, Отанына, отбасына тезірек оралуын тілейміз!», деп жазды ТЖ басқармасы.