Сүйінші хабарды LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады. Жәния Абдуллаева былтыр 29 қыркүйекте Бейнеу ауылындағы ауруханаға жұмыс істеу үшін үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен еді. Кейінірек оның Бейнеу-Маңғыстау бағытындағы пойызға билет сатып алғаны белгілі болды.
Туыстары Жәнияны іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген болатын.