Таным • 16 Ақпан, 2023

Жүз жылдан кейін жеткен хат

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1916 жылы жіберілген Бат қаласы мен Король Джордж V бейнеленген 1 пенс пошта маркасы бар хат 2021 жылы Лондонның Кристал Палас ауданында тұратын театр режиссері Финли Гленнің пәтеріне келген. Бірақ ол бұл туралы енді ғана хабардар болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүз жылдан кейін жеткен хат

«Хаттың 100 жыл бойы сақталып, жеткеніне таңым бар», дейді Глен

Ал Ұлыбритания Корольдік поштасы хат орта жолда жоғалып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтады. 

2000 жылғы Британдық пошта қызметі туралы заңға сәйкес, басқа адамға жіберілген хат-хабарларды ашып оқу қылмысқа жатады.

Алайда, Глен хат жүз жыл бұрын жіберілгендіктен, оны ашуға болады деп шешкен.

«Егер бұл қылмыс болса, мен тек кешірім сұрай аламын», дейді ол.

«Қымбатты Кэти» деп басталын хатты Освальд Марш деген азамат жарына жолдаған екен.

«Бұл хаттың дәл маған жеткені қызық, әрине. Егер, ол адамның туыстары, ұрпағы бар болса, хатты менен алуына болады», деді Глен.