Жәдігер • 16 Ақпан, 2023

Қайта оралған қобыз

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл қылқобыз бүгінде Ұлт­тық музейдің қорында тұр. Бір қарағанда көзіміз үйренген ұлттық аспап болғанымен, тарихы те­рең­де жатыр. Тіпті дәл осы мұражайға келу жо­лы да шытырманға толы. Қа­тар­дағы бір қобыз емес, Американы аралап кел­ген қобыз.

Қайта оралған қобыз

Қазақстанның Аме­рика Құ­рама Штаттарын­дағы елші­лігінің өкілі еліміздің Ұлттық му­­зейіне құнды XVIII ғасырда жасалған қ­обызды тапсырды.

Аталған музейдің бас­пасөз хатшысы Айгүл Айтмұха­но­ваның айтуын­ша, аспапты 1996 жылы Қазақ­станнан аме­ри­калық тарихшы, сазгер, Ва­шингтонда Орталық Азия және Кавказ инс­титутының не­гізін қалаған Фредерик Старр алып кеткен екен.

Ол қылқобызды кешегі 90-жыл­дардың құбылмалы кезе­ңінде Қазақ­станның оңтүстігіне саяхаттап, Тараз қаласынан ол­жалаған. Елдегі күрделі эко­номикалық ахуалға байланысты қобыздың қарт иесі үйіндегі жәдігерді сатуға мұқтаж болыпты. Жалпы, қылқобыз әр үйден табыла бермейтін киелі аспап емес пе? Үш ғасыр бұ­рын жасалған құнды дүниенің беймәлім қарияда болуы да тегін емес. Бәлки, өзінің немесе отбасының өнерге қатысы бар шығар.

Сатып алған тарихшы оған қобызды қайтсе де Қазақ­станға қайта­ратынына уәде бе­реді. Сөй­тіп, араға ширек ғасыр салып, 2019 жылы Фре­дерик Старр сөзінде тұ­рып, му­­зыкалық аспапты Қазақ­стан­ның АҚШ-тағы елшілігіне тап­сырған.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00