Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Алеппоға 50 тонна көмек жіберілді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сириялық Араб Республикасына гуманитарлық көмек жіберуді тапсырғаны да белгілі. Осыған орай жақында зілзаладан зардап шеккен бұл елге қажетті заттардың алғашқы легі жіберілді.

Алеппоға 50 тонна көмек жіберілді

Сирия халқына қажетті бі­рін­ші кезектегі заттар Тө­тен­ше жағдайлар ми­нис­тр­лігінің (ТЖМ) мемлекеттік матер­иал­дық қорынан тасымалдана­ды. 50 тонна көлеміндегі гума­ни­тарлық көмек азық-түлік қа­уіп­сіздігі жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейс­пен 17-21 ақпан аралығында жіберіледі.

Гуманитарлық көмекті жө­нел­тудің барысын Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пшембаев қадағалады. ТЖМ 28237 әскери бөлімінің қызметкерлері Мемлекеттік материалдық қор комитетінің қоймасынан мүліктерді көлік­терге тиеп, Алматы қала­сын­да­ғы халықаралық әуежайға жеткізді. Барлығы 50 әскери қызметші мен 5 техниканың көмегімен жүк одан әрі арнайы ұшаққа тиелді.

Гуманитарлық жүктің құра­мында консервілік азық-түлік­тер, жылы киімдер, қыс­қы шатырлар, кереуеттер мен төсек жа­рақтары бар. Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің  28237 әскери бөлімінің қызметшілері жүктелген міндетті толығымен іске асырамыз деп отыр.