Теннис • 17 Ақпан, 2023

Қазақстан теннисшілері АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Буэнос-Айрес (Аргентина) АТР 250 турнирінің ширек финалында аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андреас Мольтенимен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннисшілері АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады

Тартысты өткен бәсекеде корт иелері 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен басым түсті.

Өткен аптада Кордобада (Аргентина) өткен додада да Андрей мен Александр осы жұпқа есе жіберген еді.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик пен швейцариялық Стэн Вавринка Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалында бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигеннен ұтылды – 4:6, 4:6.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024