Перформанс Конференция лигасының плей-офф кезеңінде түрік клубы мен швейцариялық «Базель» арасындағы ойын алдында болды.
«Әсерлі сюжет: құтқарушы, бала және ит. Протео атты ит қиранды астынан адамдарды іздестіріп, ақыры өзі де құрбан болады», деп жазды БАҚ Трабзондағы стадионда көрсетілген көріністі түсіндіріп.
Құтқарушының дулығасында үйінді астынан адамдарды іздестіру және құтқару үшін құтқарушылар жіберген елдердің туы бейнеленген. Алғыс тізімінде Қазақстанның туы да бар.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы бірқатар жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 40 мыңнан асқан.