Қоғам • 17 Ақпан, 2023

Қылмыстық процестің үш буынды моделі: келесі кезең қалай жүзеге асады?

465 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бас прокуратура қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізудің келесі кезеңі қалай жүзеге асырылатынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық процестің үш буынды моделі: келесі кезең қалай жүзеге асады?

2020 жылғы 01 қыркүйекте Мемлекет басшысы қылмыстық саланы реформалауды және қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізуді тапсырды. Бұл құқық қорғау жүйесін реформалаудың бастапқы нүктесі болды.

Барлық процесс бірнеше кезеңге бөлінеді, оның басты мақсаты тергеу органы, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақты ажырату болып табылады.

Мұндай ажырату тергеу органдарының негізсіз шешімдерінен қорғай отырып, құқық қорғау кедергісін тудырады.

Бүкіл процесс цифрландырылған және электрондық форматта өтеді, бұл бұзушылықтардың дереу жолын кесуді және қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Прокурор бұл механизмде дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді, негізді процестік шешімдерді келіседі және айып тағады.

Негізді процестік шешімдердің прокурордың келісімінсіз заңды күші жоқ екенін және құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын атап өткен жөн.

Үш буынды модельдің бірінші кезеңін енгізумен прокурорлар 2021 жылдан бастап тергеу органдарының барлық негізді шешімдерін бекітеді.

Осы уақыт ішінде прокурорлар келісуден бас тарту арқылы процеске қатысушылардың құқықтарын қозғайтын 80 мыңнан астам (2021 жылы – 53 270, 2022 жылы – 28 180) заңсыз шешімдер қабылдаудың жолын кесті.

Қылмыстық орбитаға 6 мыңға жуық адамды негізсіз тартуға жол берілмеді (2021 жылы – 3771, 2022 жылы - 2224), бұл үш буынды модель енгізілгенге дейінгі көрсеткіштен 20 есе көп.

2022 жылдан бастап үш буынды модельді енгізудің екінші кезеңі басталды, онда прокурорлар аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасайды.

Дәл осы құжат тергеп-тексеруді аяқтайды. Екінші кезең прокурордың дәлелдемелерді тәуелсіз құқықтық бағалау механизмін күшейтеді және айыпталушыны сотқа беру кезінде оның жауапкершілігін жекелендіреді.

Өткен жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы туралы есеппен прокурорға 1200-ден астам іс келіп түсті, оның ішінде қосымша тергеп-тексеруге 80-ге жуық іс қайтарылды, қалғандары бойынша істерді сотқа жібере отырып айыптау актілері жасалды, 800-ден астам адам сотталды.

Осы жылы айыптау актілері сыбайлас жемқорлық істері бойынша, ал 2024 жылдан бастап - қалған санаттар бойынша жасалады.

Ақпан айында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру мәселелерін талқылай отырып, мәжіліс өткізілді.

Мәжілісте үш буынды модельдің алғашқы кезеңдерінің нәтижелері талқыланып, оны одан әрі іске асыру бойынша міндеттер қойылды.

Құқық қорғау органдарына қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа моделіне көшу жағдайында заңдылықты қамтамасыз ету үшін қосымша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдау тапсырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі заңның үстемдігін және азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025