«Түркияға жиналатын ақша көмек ұйымдарына үкіметтің тұрғын үй, азық-түлік қауіпсіздігі және білім беру саласындағы қызметтерін жылдам кеңейтуге мүмкіндік береді. Түрік халқы айтып жеткізе алмайтын қайғыны бастан өткерді. Мен күйзеліске ұшыраған және күйреген оқиғаларымен бөліскен отбасыларды кездестірдім. Біз оларды қиын уақытта қолдап, қажетті көмек көрсетуіміз керек», деді БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс.
Түркиядағы табиғи апаттан 9 миллионнан астам адам зардап шекті. Ресми дерек бойынша қайтыс болғандар саны 38 мыңға жетті.