Сайлау • 18 Ақпан, 2023

Мәжіліс сайлауы: Партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысы шығарылды

1301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс сайлауы: Партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысы шығарылды

«Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тіркеу кезеңі аяқталады. 15 ақпанда Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша тіркеу аяқталды. Аумақтық сайлау комиссияларының ақпаратына сай, кеше пропорционалды негізде сайланатын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаты депутаттарының жартысын сайлау жөніндегі партиялық тізімдерді тіркеу өз мәресіне жетті. Кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу 20 өңірдің әрқайсысында жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін жалғасады», деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Айта кетсек, партиялық тізім негізінде 69 депутат сайланады.

Константин Петровтың айтуынша, Қазақстан халық партиясынан – 52, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан - 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – 25, «Amanat» партиясынан – 90, «Respublica» партиясынан – 23 кандидат тіркелді. Сонымен қатар соңғысынан 2 кандидат өздері берген өтінішке сәйкес, партиялық тізімнен шығарылды.