AFAD мәліметінше, Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020-ға жетті. Қазір жер сілкінісі болған жерде Түркия мен шетелдерден келген іздеу-құтқару топтарының 19 436 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Апат аймағында 216 мың 166 шатыр тігілген.
Айта кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті жерасты дүмпуі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті.
Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккен Нұрдағы қаласы толығымен бұзылып, қайта салынады.