Аймақтар • 20 Ақпан, 2023

Павлодарда төрт бала газдан уланып қалды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда пештегі ақаудың салдарынан төрт бала газға уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда төрт бала газдан уланып қалды

Дәрігерлердің айтуынша, қоңырау 19 ақпан күні сағат 08.54-те түскен. Жеке үйде 15, 11, 5 және 2 жастағы төрт бала көмірқышқыл газынан уланып қалған.

«Олардың барлығы орта деңгейде улану диагнозымен облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылды», деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлер балалардың жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенін, оның қасында көмірқышқыл газынан зардап шеккен 32 жастағы анасы да барын айтты.