Білім • 20 Ақпан, 2023

Наурызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20 ақпан мен 10 наурыз аралығында ақылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Биылғы екінші ҰБТ 14-30 наурыз аралығында өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, ҰБТ-ға келесі азаматтар қатыса алады:

− мектептің 11 (12) сынып оқушылары;

− мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің биылғы түлектері;

− ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;

− шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматына жатпайтын, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар.                                                                                                                                                                                                                                         

«ҰБТ тапсыру құны – 4230 теңге. Қатысушылар тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өз еркімен таңдайды», делінген ҰТО хабарламасында.

Еске салайық, қаңтар айында өткен ҰБТ сынағына 123 мыңға жуық талапкер қатысып, олардың орташа нәтижесі 76 балды құрады. 102 мың талапкер шекті балл (50 балл) жинай алды. Тест тапсырушылардың 95 мыңы (77%) – қазақ тілінде, 28 мыңы (23%) – орыс тілінде, 91 түлек ағылшын тілінде тест тапсырды.