Әлем • 21 Ақпан, 2023

Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәбиді асырап алды

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Сирияда жер сілкінісі кезінде үйінді астынан жаңа туған сәби құтқарылған болатын. Отбасынан түгел айырылған нәрестені жақын туыстары асырап алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәбиді асырап алды

Құлаған ғимараттардың үйіндісі астында дүниеге келген баланы тәтесі мен ағасы асырап алды.

Құтқарушылардың баланы алып шыққан сәті желіде тез тарап, мыңдаған адам оны асырап алғысы келетінін айтқан. Бірақ дәрігерлер Ая тек туыстарына беріледі деген еді. ДНҚ сараптамасы нәтижесінде асырап алғысы келетін әйелдің туысы екені расталып, нәрестені ауруханадан алып кетті. Дәрігерлер оның денсаулығы жақсы екенін айтты.

«Ата-анасының, бауырларының артында қалған жалғыз көз осы Ая ғана. Ол енді менің балаларымның бірі. Оны ешқайсысынан бөле жармаймын. Ол ерекше бала», деді асырап алған әйелдің күйеуі Халил әл-Савади.