Елорда • 21 Ақпан, 2023

Астанада қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазарту бойынша тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 21 ақпан күні түстен кейін қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 21 ақпанға қараған түні елордадан 16 мың текше метрден астам қар немесе 1244 рейс шығарылған. Таңертеңнен бастап елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

«Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 269 703 рейс жасалды», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамы бойынша бүгін де қар жауады. 21 ақпанда елордада көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең қар, боран болады деп күтіледі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар қалада оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 9-14 метр жел күтіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауды сұраймыз. Көлік жүргізу кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау қажет.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024