21 Маусым, 2014

Қоғамдық комиссияның отырысы

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан  Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырысқа Комиссия мүше­лері – бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның, шығармашылық одақ­тардың, журналистер қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырысқа  қатысушылар бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды рөліне назар аударды. Биыл Қоғамдық комиссия атына 57  ұсыным келіп түсті, со­ның ішінде 48-і журналистерге, 9-ы шығармашылық ұжымдарға қатысты болды. Бұл ретте 41 ұсынымды баспасөз,   16 ұсынымды электронды БАҚ жолдады. Комиссия мүшелері жур­на­листік жұмыстар деңгейінің жоғары болғанын, сондай-ақ, олар­дың Қазақстанның бүгін­гі дамуындағы маңызды қоғам­дық-саяси және әлеуметтік-эко­номикалық мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан үлесін атап өтті. Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын та­ғайындау, екі грантын тапсыру және Президенттің алғысын төрт шығармашылық ұжымға жария­лау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс беру туралы бірауыздан шешім шығарды.