Заң • 22 Ақпан, 2023

Заң жобалары қаралды

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Асқар Шәкіровтың төрағалық етуімен өткен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Әскери полиция органдары туралы» заңды қарады.

Заң жобалары қаралды

Заңның негізгі мақсаты – әскери полиция органдарының қызметін жетілдіру. Онда әскери полиция органдарының мін­деттері мен құзыреттерін, құры­лымы мен өкілеттіктерін айқын­дайтын, сондай-ақ қазіргі кезде жүзеге асып жатқан функцияларды заңнамалық бекіту жөнінде өзгерістер көрсетілген.

Заң әскери полиция органдары қызметшілерінің дене кү­шін, арнайы құралдарды, қаруды қолдануын, сондай-ақ олар­дың жеке құрамы мен әлеуметтік қам­сыздандыру мәселелерін реттейді.

Жаңа құжат әскери полиция органдарына Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында бел­гіленген құзырет шегінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарда құқықтық тәртіпті қам­тама­сыз ету, құқық бұзушы­лық­тардың алдын алу, ескерту, анықтау және жолын кесу, сон­дай-ақ қамауға алу, әкім­шілік қамауға алу және де әс­кери қызметшілерді қоғамнан уақыт­ша оқшаулаудың өзге де шаралары түріндегі жазаны орындау бойынша міндеттерді жүктейді.

Сондай-ақ Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолда­нысқа енгізу туралы» Қазақстан Рес­­­пуб­­ликасының Заңына өзге­ріс­т­ер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жобасында сотқа жүгіне­тін кезде борышкер адам үшін 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген және жеке адамның төлем қабі­лет­тілігін қалпына келтіру, сот­тан тыс немесе сот арқылы банкрот­тық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есеп­теуді тоқтата тұру және сот­тың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Құжатта сондай-ақ кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсы­ны­лады. Заң жобасында соны­мен қатар мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақ жер­лерін қоспағанда, барлық санат­тағы жердің өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу көзделеді.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.