Саясат • 22 Ақпан, 2023

АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салады

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынады. АҚШ 200-ге жуық ресейлік фирма мен жеке тұлғаны қара тізімге қосады, деп хабарлайды Egemen.kz Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.

АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салады

WSJ мәліметі бойынша, АҚШ осы аптада Ресей губернаторлары мен Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Ресейдің қорғаныс өнеркәсібімен байланысты кәсіпорындарына санкция жариялайды.

Еуропалық Одақ және АҚШ бірлескен жаңа санкциялар дайындап жатыр. Атап айтсақ, жылына 11 миллиард долларға дейінгі ресейлік тауарларды импорттауға тыйым салуды және Ресейге ұшқышсыз ұшақтарды жеткізуге қатысқан ирандық фирмаларға қарсы санкциялар енгізуді жоспарлап отыр.