Аймақтар • 22 Ақпан, 2023

БҚО-да бір тонна заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының полицейлері ер адамнан бір тонна заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО-да бір тонна заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

фото: Polisia.kz

1990 жылғы ер адам заңсыз алкогольдік ішімдікті тасымалдағаны үшін ұсталды.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Lawn жүк көлігін тоқтатты. Тексеру барысында бес литрлік бөтелкелерге оралған алкоголь өнімдері табылды», делінген полиция хабарламасында. 

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.