Әлем • 22 Ақпан, 2023

Қираған үйді 16 күн бойы паналаған екі адам табылды

2012 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда болған екі жойқын жер сілкінісінен кейін 16 күн өтті. Жергілікті құтқарушылар қираған үйде 16 күн бойы тұрған 90 жастағы кейуана  мен оның 70 жастағы ұлын тауып, қауіпсіз жерге көшірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қираған үйді 16 күн бойы паналаған екі адам табылды

Ханифи Акгюн мен Гуллу Акгюн Малатия қаласында орналасқан 14 қабатты ғимараттың 11-қабатында тұрған. Жер сілкінісі болған кезде олар денсаулығына байланысты пәтерден шыға алмаған. Құтқарушылар қираған үйде адамдардың барын біліп, анасы мен ұлын эвакуациялаған. Ханифи Акгюн қиын жағдайға қарамастан, науқас анасына екі апта бойы күтім жасағанын айтты. 

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 баллдық екі  жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 42 мыңнан астам адам қайтыс болған.