Орал қаласының екі тұрғынынан тұрғылықты жері бойынша 513 блок акцизсіз темекі өнімдері тәркіленді.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі облыста да бір тонна заңсыз алкоголь өнімі тәркіленгенін хабарлаған еді. Бес литрлік бөтелкелерге құйылған заңсыз алкоголь жүк көлігінен табылған. 26 жастағы азаматтан тағы 137 бөтелке 0,5 литр акцизсіз алкоголь алынды.
Барлық фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін ҰҚК қызметкерлері 370 миллион теңгеге электронды темекінің контрабандалық партиясын анықтаған.