Әлем • 22 Ақпан, 2023

Түркиядағы апат аймақтарында 270 мың үй салынады

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған зілзала болған Газиантеп провинциясы Нурдағы қаласының тұрғындарымен кездесіп, апат болған аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары наурыз айында басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркиядағы апат аймақтарында 270 мың үй салынады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Газиантеп провинциясының Нурдағы қаласына барып, зілзала болған аймақта жаңа тұрғын үйлер бой көтеретінін айтты.

«Бір жыл ішінде 11 провинцияның қалаларында 200 мыңға дейін тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Апат аймағындағы ауылдарда тағы 70 мың үй салынады», деді Ердоған қала тұрғындарымен кездесу барысында.

Түркия президенті апат аймағындағы жағдай толық тексерілген соң салынатын тұрғын үйлердің нақты саны анықталатынын атап өтті.

Айта кетсек, соңғы апталарда Газиантеп провинциясынан 87 мың тұрғын елдің басқа аймақтарына эвакуацияланған.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024