Қатысушылар келесі қашықтықтарда жарысады:
- 2,5 км жүгіру;
- 3 км велосипед кезеңі;
- шаңғы кезеңі 2,5 км.
Жарысқа жоғарыда көрсетілген қашықтықты еңсере алатын кез келген ниет білдіруші (ерлер мен әйелдер) шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.
Әрбір қатысушыда жарамды велосипед, басына киетін қорғаныс бас киімі және шаңғымен сырғанау жиынтығы болуы керек.
Старттық пакеттерді беру Қабанбай батыр даңғылы, 41а мекен жайы бойынша 24 ақпан күні сағат 14:00-18:00-ге дейін және 25 ақпан күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.
Жарысты аяқтаған әрбір қатысушыға медаль табысталады. Әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары бүкіл қашықтықты еңсеруге жұмсаған ең аз уақыт бойынша анықталады. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталады.