Таяуда май өндіруші компаниялардың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2018 жылға дейін қолданыста болған маргарин мен спредтердегі гидрленген майлардың құрамы туралы техникалық регламентті кері қайтару жөнінде ұсыныс жасады. Кәсіпкерлер техникалық регламент қайта қабылданса, қазақстандық майлы дақылдарды өндірушілердің ішкі нарықтағы ұстанымы нығайып, елдегі азық-түлік қауіпсіздігі жақсарар еді деген пікірде. Бұл ретте «Мұнай және май өнеркәсібі кәсіпорындары» қауымдастығының басшысы Павел Селиванов 2018 жылға дейін маргариндегі гидрленген майлардың үлесі 20%-ға, спредтерде 8%-ға жеткендігін, енді мұндай майлардың үлесі қолданыстағы техникалық регламентке сәйкес 2 пайыздан аспауы керегін айтып отыр.
Қазір Қазақстанда өндірілетін күнбағыс дәні мен рапс тұқымын пайдаланудағы гидрленген майлар импорттық пальма майымен алмастырылып жатыр. Елімізде жүргізілген ғылыми зерттеулерге сәйкес, пальма майы зиянды өнім екендігі анықталған.
«Әлемдік нарықта пальма майын өндіретін Индонезия мен Малайзиядан басқа елдер сияқты біз де сатып аламыз. Оны гидрленген майлармен алмастырып, елімізде өндіруге болар еді», деген сөзді айтады қауымдастық басшысы.
Мамандар пальма майын сақтауда, тасымалдауда және технологиялық өңдеу кезінде дұрыс қолданылуы қажет екенін, белгіленген нормадан тыс бұзылған жағдайда құрамында адам денсаулығына қауіп төндіретін зиянды заттардың әсерінен глицидил эфирі пайда болуы мүмкін екенін айтады. Бұл кондитерлік өнімдерде, балмұздақтарда, йогурт пен балалар тағамынан басқа май және сүт өнімдерінде кездеседі.
Осыған орай, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) тамақ өнімдерінде, әсіресе, пальма майында май қышқылдарының глицидил эфирлерінің шекті рұқсат етілген деңгейі жөнінде техникалық регламентті қайта қарастырып жатыр. Былтыр жыл соңына қарай, «Спутник» халықаралық ақпараттық агенттігінің Мәскеу – Бішкек – Минск – Ереван – Астана қалалары бағытында өткізілген азық-түлік қауіпсіздігі туралы бейнекөпірі барысында ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті Техникалық реттеу және стандарттау бөлімінің басшысы Андрей Полозков Кедендік одақтың «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КОТР 021/2011) техникалық регламентіне сәйкес, №1 және №4 түзету жобаларының қоғам талқылауынан өткенін айтты. Оның ішінде «Мамандандырылған тағам өнімдерінің жекелеген түрлері, диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі» туралы (КО ТР 027/2012) комиссия өз бастамасымен аталған құжатқа тағам өнімдеріндегі май қышқылдары глицидил эфирлерінің нормаларын енгізуді ұсынған. Қазір техникалық регламент бойынша міндетті талаптарды белгілеу жұмыстары жүргізілуде. Тәжірибеге сүйенсек, техникалық регламенттерге өзгерістер енгізу үшін бір жарым жыл қажет. Қоғамдық талқылау нәтижесінде бизнес өкілдері мен уәкілетті органдардан көптеген ескерту мен ұсыныс келіп, комиссияның талқылауына енгізілді.
Отандық сарапшылар жергілікті шикізаттан алынған гидрленген майларды қолдану арқылы Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне назар аударып отыр дейді. Өткен жылы Ресей бұл өнімді экспорттауға тыйым салғандықтан еліміздегі қант тапшылығына қатысты жағдайдың биыл да қайталануына жол бермеу маңызды. Сондай-ақ пальма майына сұраныстың төмендеуі инфляциялық тәуекелдерді азайтады. Өйткені пальма майы шетелдік валютаға сатып алынатындықтан, оның үстіне көрші елдердегі геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты гидрленген майлардың орасан зор мөлшері ел нарығына өткен көрінеді.
«Кейбір теңіз порттарының Ресейге кіруіне, КСРО кезінде де ресейлік зауыттарда гидрленген майларды өндіруге арналған кәсіпорындардың жұмыс істеуіне байланысты, болашақта ең алдымен қазақстандық нарықты қорғау үшін Ресейге қатысты қандай да бір протекционистік шараларды енгізу қажет. Ресей жыл сайын шамамен 6 млн тонна күнбағыс өндіріп, оның 3 млн тоннасын ғана тұтынса, осы дақылға экспорттық әлеуеті 5 млн тоннаны құрайды. Жалпы, бұл елдегі барлық майлы дақылдар өнімі 20 млн тоннаға жетеді. Сонымен еліміздегі май және май өнімдерін өндіру нарығына қатысушылар 2018 жылға дейін қолданыста болған техникалық регламентті қайтару жөнінде қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігімен келіссөз жүргізіп, шешім қабылданғаннан кейін аталған ведомство регламентті Денсаулық сақтау министрлігіне, одан кейін ЕЭК-ке ұсынады», деді П.Селиванов.
Сарапшы анықтаған тағы бір мәселе – Қазақстан теміржолындағы жүктің шектен тыс тасымалдануы. Отандық кәсіпорындар Өзбекстан мен Қытайға мұнай экспорттауда, соған сай жүктерді теміржол арқылы тасымалдау кезіндегі орын алған олқылықтарға байланысты жүк жеткізу жоспары бекітілуі керектігін айтты.
«Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер» ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Ядықар Ибрагимовтің айтуынша, егер құны жоғары қазақстандық май және май өнімдеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стандарттар әзірленсе, онда бұл ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілердің де дамуына оң әсер етер еді.
«Келешекте майлы дақылдарды өңдеушілер май және май өнімдерін терең өңдеу бойынша өндірістің қуаттылығы жаңа деңгейіне көтеріліп, экспорттық әлеуетті арттырары хақ. Осылайша, біз пальма майына импорттық тәуелділікті және Қазақстандағы азық-түлік тапшылығының ықтимал тәуекелдерін азайта аламыз. Жыл сайын Қазақстан теміржолындағы мәселе бір жүйеге келер емес. Ондағы басты түйткіл – өнімді экспорттау жоспарының сәйкессіздігі мен вагондардың жетіспеушілігінен туындап отыр. Оның үстіне теміржол инфрақұрылымы да жаңартылмаған. Сол себепті, ҚТЖ мұнай мен май өнімдерін ішкі нарыққа және экспортқа шығару үшін өз уақытында қабылдай да, жөнелте де алмайды», деді Я.Ибрагимов.