Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Өмірді сақтандыру – өзекті

419 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Былтыр өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) негізгі көрсеткіші өсім көрсетті. Саладағы компания активтері 919,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 139,9 млрд-қа немесе 17,9 пайызға жоғары. Тиісінше, тек өмірді сақтандыру саласындағы компаниялардың активі бүкіл сектордағы активтің 44,5 пайызын құрайды.

Өмірді сақтандыру – өзекті

Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметі бо­йынша, активтер құрылы­мындағы үлесті әлі де бағалы қағаздар (83,2 пайыз) алады. Олардың көлемі 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 765,1 млрд (+120,6 млрд теңге) теңге болды. 

«Міндеттеме көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойын­ша 17,1 пайызға (+108,8 млрд теңге) ұлғайып, негізінен өмір­ді сақтандыру шарттары бо­йынша орын алмаған залал­дар резервін ұлғайту есебі­нен (+60,1 пайыз немесе 64,6 млрд теңге) 745,9 млрд тең­гені құрады. Сектордағы шоғыр­лану әлі де қалыпты: активтер бойынша өмірді сақтандыру нарығының 71 пайызын үш ірі компания еншілеп тұр. Халық-Life, Nomad Life және FFLife. Бұл ретте активтердің бір жылдағы ең елеулі өсімін ЕСК және KM Life талаптары көрсетті», делінеді қауым­дастық зерттеуінде.

Бірақ бір жыл ішінде сақ­тан­дыру сыйлықақысы 0,8 пайызға төмендеген (-33,7 па­йыз немесе 46,3 млрд теңге). Бұған аннуитеттік сақтандыру бойын­ша сыйлықақы көлемі­нің қысқаруы себеп болған. Алайда жұмыскерлерді жаза­та­йым оқиғалардан сақтан­дыру (+67,5 пайыз немесе 28,5 млрд теңге) және өмірді сақтандыру (+5,7 пайыз немесе 10,1 млрд теңге) бойынша сыйлықақының өсуі бұл төмендеуді ішінара теңес­тіруге мүмкіндік берді дейді сарапшылар.

Жалпы, өмірді сақтандыру (+35,9 пайыз), аннуитеттік сақ­тандыру (+11,9 пайыз) және жазатайым оқиғалардан сақ­тандыру (+96,1 пайыз) бо­йын­ша төлемдердің ұлғаюы есебі­нен төлем көлемі 22,1 пайыз­ға өскен. Нәтижесінде төлем­дердің сыйлықақыға арақа­ты­насы 2021 жылмен салыстыр­ғанда 9,3 пайыздан 11,4 пайыз­ға дейін жоғарылапты.

«Сақтандыру қызметінен түсетін кірістердің төмендеуіне қарамастан (-1,8% немесе 6,5 млрд теңге), сектордың 2022 жылғы таза кірісі бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің өсуі (+33,1 пайыз немесе 17,0 млрд теңге) және комиссиялық сыйақы төлеу жөніндегі шығыстардың қысқаруы есебінен 64,0 млрд теңгені (+36,7 пайыз) құра­ды (-31,5 пайыз немесе 30,2 млрд теңге). ӨСК нарығы бойын­ша меншікті капитал­дың рентабельділігі аздап төмен­деді – меншікті капитал құрылымында бөлінбеген пайда көлемінің ұлғаюы салдарынан 34,0 пайызға дейін (2021 жылы 36,2 пайыз)», делінеді қауымдастық хабарламасында.

Жалпы алғанда, сақтан­ды­ру сыйлықақысы былтырдың деңгейіне жеткен. Егер 2021 жылы өсім ан­нуи­теттік сақтан­дырудың «бу­мы­мен» (+77,0 пайыз) қам­тамасыз етілсе, онда 2022 жы­лы қызметкерлерді жаза­та­йым оқиғалардан мін­дет­ті сақ­тан­дыру (+67,5 пайыз) және өмір­ді сақтандыру (+5,7 пайыз) бірінші орынға шыққан.

«ӨСК-ге 2022 жылдың шіл­­­десінде қабылданған заң­на­малық өзгерістер қол­дау көрсетті, оның негізгі сәттері­нің бірі сақтандыру өнім­дерінің желісін кеңейту болды. Мәселен, қазақстандық на­рықта алғаш рет мемлекеттің суб­сидиясы бар білім беру жи­­нақтаушы сақтандыру өні­мі пайда болды. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың өмір бойы төлемдерін қамтамасыз ету үшін олардың зейнетақы жинақ­тарын біріктіру мүмкін­дігі көзделген. Халықтың сақ­тандыру өнімдеріне деген сенімін арттыру мақсатында төлем кепілдіктерін және дау­ларды реттеуді қамтамасыз ететін инфрақұрылым реформаланды. Сақтандырылушыларға сақ­тандырудың барлық мін­детті және әлеуметтік маңы­зы бар сыныптары бойынша сақ­тандыру төлемдеріне кепіл­дік беру қорының толық ке­піл­дігі берілді», деп жаңа­шыл­дық­тарды тізбелеп өтеді қауымдастық.

Сарапшылар биыл сақтан­дыру нарығы үшін серпіліс жылы болады деп күтеді. Себебі, сектордың бұрынғыдан да қарқынды цифрлана түсуі, азаматтардың қаржылық сауа­тының артуы және саланы бәсекеге қабілетті ету мақ­са­тын­да жасалып жатқан оң бас­тамалар жаңа және жайлы өзгерістерге бастауы тиіс.