Әдебиет • 23 Ақпан, 2023

Биыл 101 кітап басып шығарылады - министрлік

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оның ішінде 35 аталым қолжазбасы сатып алынған. Бұл әдебиеттер бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 101 кітап басып шығарылады - министрлік

«Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдерді Сараптама комиссиясы қарайды. Комиссия ұсынылған кітаптың көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеп, қорытынды шығарады. Сарапшының оң қорытындысын алған әдебиеттер ведомостаралық комиссия шешімімен басып шығарылатын әдебиеттер тізіміне енгізіледі. Өтінімдер жыл сайын көркем әдебиет, балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиет, мәдениет және өнер туралы әдебиет, энциклопедиялық-анықтамалық әдебиет, ғылыми-көпшілік әдебиет, қоғамдық-саяси әдебиет, аударма әдебиеті, мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет  түрлері бойынша қабылданады», деді Алмаз Мырзахмет.

Өткен жылы 188 аталым 506 мың данамен басылып шығып, барлық өңірдегі мемлекеттік кітапханаларға таратылған еді. Оның ішінде «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы бойынша жарыққа шыққан кітаптар оқырманның жоғары бағасына ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35