Телеарнаның хабарлауынша, Бас прокуратура елдің 11 провинциясында құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізбеді деген айыппен 564 күдіктіні анықтаған. Осылайша, олардың 160-ы қамауға алынса, 175-іне сот бақылау орнатқан.
Бұдан бөлек 71 күдіктіге тұтқындау және тағы 61 күдіктіге қамауға алу туралы ордерлер берілген. Сондай-ақ тағы алты адамның шетелде екендігі анықталды. Сол сияқты аталған істе күдікті деп танылған 11 адам қайтыс болғаны белгілі болды.
Түрік полициясы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы ұрлық, тонау және алаяқтық фактілерін де тексеріп жатыр. Аталған фактілер бойынша 282 адам күдікті ретінде танылып, олардың 181-і қамауға алынған.