Елорда • 23 Ақпан, 2023

Астанадан 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінің басынан бері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді. Күн сайын қар күреу жұмысына екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадан 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды

23 ақпанға қараған түннің өзінде қаладан 17,5 мың текше метр қар немесе 1 358 рейс шығарылды.

Бейсенбі күні таңертең қар күреу жұмыстарына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 276 988 рейске тең.

Тұрақсыз ауа райына және температураның өзгеруіне байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу керек. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.