Туризм • 23 Ақпан, 2023

Қазақстанға туристер қай елдерден көп келеді?

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туристер көп баратын қалалар көшін Алматы бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға туристер қай елдерден көп келеді?

Жыл басынан бері Қазақстанға Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германиядан көп турист келді.

Оның ішінде:

  • Түркиядан – 2,5 мыңға жуық азамат;
  • Германиядан – 1,4 мыңға жуық азамат,
  • АҚШ-тан – 1,4 мыңға жуық азамат;
  • Ұлыбританиядан – 1,2 мыңға жуық азамат;
  • Үндістаннан шамамен 3 мың азамат келген.                                                                                                               

    Ал таяу шетел бойынша:

    • Ресейден – 58,2 мыңнан астам турист;
    • Өзбекстаннан – 11,2 мыңнан астам турист;
    • Қырғызстан – 3 мыңға жуық турист;
    • Қытайдан – 2,3 мыңнан астам турист;
    • Тәжікстаннан 2,3 мыңнан астам турист келген. 

    Бұл ретте туристер көп баратын жерлер арасында Алматы көш бастап тұр. Мұнда жыл басынан бері 40 мыңға жуық турист келген. Одан кейін Астана (22 мыңнан астам), Ақтөбе облысы (4733), Атырау облысы (4212), Маңғыстау облысы (3023) тұр.