Қазақстан • 24 Ақпан, 2023

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 28 ақпанында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

(Al Drago/Pool via AP)

Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.

Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.