Кеше сағат 23:00 шамасында Алматының Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болды.
«Дабылға бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы ден қойып, нәтижесінде 11 күдікті ұсталды. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қақтығыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.