Ашылу салтанатына Асхат Оралов қатысты.
«Біз айтулы күнге тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Оның маңызын ескере отырып, Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан астанасында көрнекті қолбасшының есімін ұлықтау туралы шешім қабылдады», деді министр.
«Осындай ауқымды шарамен біз Сұлтан Бейбарыстың мерейтойын атап өтіп қана қоймай, бүкіл түркі тарихы үшін маңызы зор тұлғаға құрмет көрсетеміз. Біз жас ұрпақты ұлы қайраткермен таныстырамыз. Сондай - ақ біз мерейтой аясында спектакльдер, ғылыми конференциялар, Мысыр тарапымен бірлескен жобалар және т.б. іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», деп атап өтті Асхат Оралов.