Ауа райы • 24 Ақпан, 2023

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ертең қатты жаңбыр, көктайғақ, тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлуынша, ақпанның 25-і мен 27-і аралығында қатты жауын-шашын, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы, қардың қарқынды еруі, мұздардың әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. 

«Бүгінгі таңда аудан әкімдіктерінің мердігерлік және коммуналдық қызметтерімен 1154 шақырым арық желілері қоқыс пен қардан тазартылды. Бұл бағыт бойынша күн сайын жұмыстар жүргізіліп жатыр», деп атап өтті ТЖД.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тауларда қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

«24-25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмау үшін қар басқан беткейлерге шығуға тыйым салынады. Тауда жаяу серуендеуге болмайды», деп толықтырды министрлік.