«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 25 ақпанда Алматыда тұман, көктайғақ күтіледі.
Абай ауданында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында төмен қарлы боран. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с болады.
Күндіз Алматы облысында тұман, көктайғақ болжанып отыр. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
24-25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алаптарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан қар басқан беткейлерге кіру ұсынылмайды.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр). Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, төмен қарлы боран.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстікте оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Күндіз Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл соғады.
Павлодар облысының оңтүстігінде аздаған бұрқасын күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.