Аймақтар • 26 Ақпан, 2023

Ақтөбе облысындағы жолдардан 93 адам эвакуацияланды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүк және жолаушылар көлігі үшін жол қозғалысының шектелуіне байланысты Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары 93 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысындағы жолдардан 93 адам эвакуацияланды

24 ақпанда сағат 22.50-де Әйтеке би ауданының «Самара-Шымкент» автожолының 964 км-де ТЖД күштері «Yutong» маркалы жолаушылар автобусына жол көрсетіп Қарабұтақ кентіне бірге барды. Жылыту пунктіне Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының 41 азаматы эвакуацияланды.

25 ақпанда сағат 04:05-те Ақтөбе қаласының Едіге батыр даңғылында ТЖД күштері техникалық ақауы бар «Setra» маркалы жолаушылар автобусынан Жаңақоныс кентінің жылыту пунктіне 54 адамды эвакуациялады. Оның 52-сі Өзбекстан Республикасының азаматы.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

«Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді», делінген хабарламада.