Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Антакия ауданының жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы бүгін Түркия үкіметі жанындағы апаттар және төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.
Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05.26-да тіркелді.
Эпицентрі Хатай провинциясының Самандаг ауданынан 3,25 км қашықтықта орналасқан. Зілзаланың ошағы Жерорта теңізінің түбінде 13,29 км тереңдікте жатты.