Спорт • 27 Ақпан, 2023

14 жастағы теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстанның қысқы чемпионаты өз мәресіне жетті. Онда 14 жастағы теннисші Ариана Гогулина ересектер арасында чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

14 жастағы теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды

Әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды.

Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды. Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте Гогулина таразы басын аудара білді – 6:2, 6:2.

Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жастағы спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды.

Қола жүлде Айя Мырзақұлованы 0:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Әдемі Аманкелдіге бұйырды.

Ерлер арасында Тимур Мәуленов өз спорттық жолында бірінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ол финалда Арысланбек Айтқұловты жеңді – 7:5, 6:3. Қола жүлдеге Никита Сидоровты 6:4, 6:7 (8:10), 6:4 есебімен жеңген Тимур Хабибулин ие болды.

Жұптық сында мына теннисшілер жүлдеге ілікті.

Ерлер:

1. Артур Хайрутдинов - Максим Батютенко

2. Ілияс Маратұлы - Вячеслав Кауфельд

3. Тимур Хабибулин - Арысланбек Айтқұлов.

Әйелдер:

1. Ульяна Романова - Полина Слепцова

2. Мария Синицына - Карина Жұмажанова

3. Альбина Кәкенова - Айя Мырзақұлова.