24 Маусым, 2014

Жүзден жүйрік журналистер

497 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстан Журналистер одағының басқармасы үздік жұмыстарға респуб­лика­лық шығармашылық конкурстың қоры­тын­дыларын қарай келіп, 2014 жыл­ғы Қазақстан Журналистер одағының сый­лығы лауреаттарының атағын БАҚ қызмет­керлеріне төмендегі номинация­ларда берді: 1. Репортерлік жұмыс – Амалбеков Бақбер­генге, «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола об­лысындағы меншікті тілшісі; Кондратова Алек­сандраға, Солтүстік Қазақ­стан облыстық «Неделья СК» газетінің репортері – өңірдегі қо­ғам­дық-саяси оқиғаларды жедел көрсеткені үшін. 2. Экономикалық шолу – Горбунов Сергейге «Казахстанская правда» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі; Мұсабеков Ерсінге, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары – Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму туралы талдау материалдары үшін. 3. Саяси шолу – Жүнісова Жұма­бикеге, «Дат-Общественная позиция» және «Новая газета – Казахстан» республикалық газеттерінің шолу­шысы – Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму жолдары туралы талдамалық шолулары үшін. 4. Журналистік зерттеу – Ассанжи Джулианға, австралиялық журналист-блогер – «WikiLeaks» сайтын құрғаны үшін. 5. Ізденіс материалы – Қайырханов Сабырға, Атыраудың «Ақжайық» газетінің бас редакторы – Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған материалдар сериясы үшін. 6. Телевизиялық жұмыс – Төлепберген Динаға, Шахматов Алексейге, «Ком­мер­циялық телевизиялық арнаның» теле­жүр­гізушілері – «Астарлы ақиқат» және «Другая правда» телевизиялық бағдарламаларын ұйымдастырғаны үшін, ПИК телестудиясының ұжымына (жетекшісі Жәнібек Сүлеев) – «Бізге өзгеруге көмектесетін дәрігер-адам» деректі фильмі үшін. 7. Зерттеу жұмысы – Жаппасұлы Еркінге, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары; Тәжиева Гүлнарға, «Айқын» республикалық газетінің бөлім редакторы – еліміздің белгілі мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығы туралы очерк­тер дайындағаны үшін. 8. Ғылыми-көпшілік жұмыс – Әлімханова Мәдинаға, КазТАГ халық­аралық ақпарат агент­тігінің шолушысы – «Шпаргалка для начинаюших журналис­тов» оқу құралын жасағаны үшін. 9. Медиа-жоба – «Вечерний Тал­дыкорган» газетінің ұжымына – Жеті­судың әлеуметтік-экономикалық проб­лемаларын көрсетудегі шығармашылық ізденістері үшін. 10. Фотожұмыс – Қобланбаев Серік­жанға, фо­­то­репортер – газет және журнал беттерінде қа­зақ­­стандықтардың көркем образын жасағаны үшін. Қазақстан журналистика академия­сы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сый­лығымен «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры, профессор Бауыржан Жақыпты марапаттады. Қазақстан Журналистер одағы мен «Казинпресс» қауымдастығы Амангелді Ахметәлімовтің атындағы сыйлықпен Қазақстанның ақпараттық қызметін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін қоғам қайраткері Әміржан Қосановты марапаттады. Халықаралық «Казахстан-ZAMAN» газеті Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі Шерім Мұхтарды марапаттады. Бейбіт Құсанбек атындағы жас телепублицистер үшін жеке сыйлығымен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Маржан Көкішева марапатталды. Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзді қолдағаны және журналистер­мен өзара түсіністігі үшін: Александрдың – Ас­тана және Қазақстан митрополитінің, Айт­баева Афризаның – Қазақстан журналистикасы ардагерінің, Арзықұлов Жеткергеннің – А.Н.Сызганов атындағы ұлттық хирургия ғы­­лыми орталығы бас директорының, Бай­босынов Жанболаттың – ҚР Байланыс және ақ­­п­арат агенттігі ақпарат департаменті директоры орынбасарының, Жоров Николайдың – «Вечер­ний Алматы» газеті бас редакторының, Жүсіп­қалиев Ибрагимнің – Орал қаласы әкімі­нің бұрынғы баспасөз хатшысының, Есе­кеев Қуанышбектің – «Қазақтелеком» АҚ пре­зидентінің, Ережепов Болаттың – ҚР Ха­лық­аралық баспасөз институты ұлттық коми­тет төрағасының, Қарауылова Әселдің – Қазақ­стан баспасөз клубы президентінің, Ким Вячеславтың – «Каспий банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының, Мәженова Құдайбердінің – Астанадағы Ұлттық баспасөз клубы вице-президентінің, Мұтанов Ғалымқайырдың – Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті рек­торының, Тоқтағазин Мұратбектің – Қазақ­стан бас редакторлар клубы вице-президентінің қызметтері атап өтілді.