Әлем • 27 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 600-ден астам адам тергеліп жатыр

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия үкіметі 6 ақпанда болған жер сілкінісінен қираған ғимараттарға қатысы бар 600-ден астам адам тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 600-ден астам адам тергеліп жатыр

Әділет министрі Бекир Боздаг 184 күдіктінің, құрылыс мердігерлері мен жылжымайтын мүлік иелерінің, қамауға алынғанын айтты.

Ол тергеудің ауқымды деңгейде жүріп жатқанын, екі апта бұрын билік қамауға алу туралы 113 санкция бергенін айтты.

Жергілікті БАҚ тұтқындалғандардың арасында жер сілкінісі болған жерге жақын орналасқан қалалардың басшысы барын хабарлады.

Қазіргі уақытта Түркия мен Сирияда қайтыс болғандардың саны 50 000-нан асты. Ал жер сілкінісінен кейін Түркияда 160 000-нан астам ғимарат қирап қалған.