24 Маусым, 2014

Өскеменнің өндірісі өскелең

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
07-1.jpg-23-06 06-1.jpg-23-06 Кейінгі жылдарда елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына ерекше көңіл бөлініп келе жатқаны белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы арқылы мемлекеттің шикізатты экономикаға тәуелділігін болдырмауды көздеп отыр. Өйткені, қалай дегенде де, мұнайдың да, газдың да бір кезде азаятыны, тіпті түгесілетіні белгілі. Инновациялы экономикаға арқа сүйеген озық елдердің өз жерінде қазба байлықтары болмаса да дамудың даңғыл жолына түскенін бүкіл әлем көріп отыр. Сонымен бірге, жер қойнауына біткен байлықты бірыңғай сатумен біраз жыл жағдайын түзеп, ол байлық сарқылуға жақындағанда дағдарысқа ұшыраған елдердің мысалы да мына дүниеде жеткілікті. Ал дайын өнімдер шығару, оны бәсекеге қабілетті ету мәселесін шешкен елдердің жөні бөлек. Қазақстан осы бағытты ұстанып отыр. Қазақстан Президентінің елді оза дамыған отыздықтың қата­рына қосу мақсатын көздеген Стратегиясы ойдағыдай орында­лып келе жатқан өңірлердің бірі – Шығыс Қазақстан. Мұн­да құрылған индустриялық ай­мақ­тардың негізгі міндеттері қата­рында өнеркәсіпте, құрылыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға септесу, отандық және шетелдік инвесторларды осы іске тарту, жаңа өндірістік бағыттарды құруға бейімделген инновациялық бағдарламаларды енгізу бар. Индустриялық аймақтар импорт алмастыратын және бәсекеге қабілетті өндірістер құруды ынталандыру үшін қажетті жағдайлар және бүгінгі күнгі инфрақұрылым жасау мақсатымен дүниеге келген. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Шығыс Қазақстан облы­сындағы жұмыс сапарын өңір­дің ірі кәсіпорны – «Өскемен тех­нологиялық жабдықтар зауы­ты» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігін аралап көруден бас­тады. Зауыт жылу энергетикасында, сондай-ақ, экологиялық өнеркәсіпте газдардан тазарту үшін пайдаланылатын электрлі фильтрлер шығарады. Оның өнім­дері елімізде ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де сұ­ра­нысқа ие. Мұнда жылу энергетика кешеніне, құрылыс индустрия­сы мен металлургияға арналған өнімдер де шығарылады. Елімізде бұған ұқсас кәсіпорын жоқ. Елбасы облыстың индустрия­ландыру картасымен танысты. Онда Президент Нұрсұлтан Назар­баевқа өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар көрмесі ұсынылды. Көрмеде облыстың әлеуметтік-эко­номикалық дамуына тың серпін бе­ретін маңызды жобалар көрініс тап­қан. Биыл 17,5 млрд. теңгеге 13 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы арқылы 1454 жаңа жұ­мыс орны құрылатын болады. Президенттің жұмыс сапары бүгін жалғасады. Елбасы сапар барысында өңірдегі бірқатар  өн­ді­рістік және әлеуметтік нысандар­ды аралап көреді, сондай-ақ, кәсіп­керлермен және жұртшылық өкіл­дерімен кездесу өткізеді деп жос­парлануда. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.