фото: Polisia.kz
Polisia.kz хабарлағандай, оқиға 25 ақпан күні Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде болған. Жүк пойызының машинисі темір жолда жылқыларды байқап, шұғыл тежеуді қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде пойыз 32 жылқыны қағып кетті.
Пойыздың тұрағы 50 минутты құрады.
Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді.
ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жылқы иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.