Іс-шара Әзербайжан Республикасының төрағалығы аясында Баку қаласында өтеді және жаһандық постковидтік қалпына келтіру тақырыбына арналады.
Қазақстандық делегация басшысының жалпы пікірсайыс шеңберінде сөз сөйлеуі, сондай-ақ шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу жоспарланған.
1961 жылы құрылған Қосылмау қозғалысы қазіргі таңда Азия, Африка, Латын Америка, Еуропа және Океанияның 120 мемлекетін біріктіреді. Ұйымда, Қазақстанды қоса алғанда, тағы 18 байқаушы ел бар.