Сөйтіп, аталған мереке дәстүрге сай ең үздіктерді марапаттау рәсімімен жалғасты. Одан әрі «Қазақ елі» монументі алаңында жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді. «Астана қаласы әкімдігінің арқасында жыл сайын елордалық полиция департаментінің жағдайы жақсарып келеді. Міне, бүгін соның тағы бір дәлеліндей, департаменттің жол-патрульдік полиция полкі отандық жаңа көліктермен толықты. Бұл жақсылықтардың бәрі Астанамызды одан әрі көркейте түсу үшін және адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға лайықты негіз болар сенім шаралары» деп атап өтті А. Әубәкіров.
Бұл күн Қазақстан полициясын құрған және сол полиция қатарында аянбай қызмет етіп жүргендерге алғыс жаудыру күні болды. Өйткені, қазіргі полицияда қызмет атқару – әділетсіздікпен күрес жолында өз кәсібіне адал адамдардың ғана қолынан келетін күрделі, сонымен қатар, қауіпті және аса жауапкершілігі зор міндет болып табылады.
Қазақстан полициясы күнін мерекелеу патрульдік полиция полкі ерлер хорының 10-жылдығымен тұспа-тұс келді. Хордың құрамында кәдімгі кәсіби музыкант пен әнші ретінде танылған полицейлер бар. Хордың жетекшісі – республикалық конкурстардың дипломанты, Қазақ ұлттық өнер университетінің концертмейстері Ғалия Садымова. Хордың орындауында «Нұр Астана», «Полиция Маршы», «Сарбаз парызы» атты әндер шырқалды. Онда түрлі конкурстардың жеңімпазы, талантты ұжым – Астана қаласы ІІД-нің «Жігер» фольклорлық ансамблі де өз үлесін қосты. Сонымен қатар, Бауыржан Исаев, Меруерт Түсіпбаева, Маржан Арапбаева сияқты Қазақстан эстрада жұлдыздары полицейлерді құттықтап, ән шырқаса, астаналық филармония мен астана циркінің әртістері де өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелеу бағдарламасында елорда аумағында жедел ахуалды бақылайтын, қажет жағдайда бас бұзарларды бұлтартқызбай бұғаулайтын «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс сарбаздары керемет өнер көрсетті. Сонымен қатар, қару-жарақ, арнайы экипировка және техниканы жасақтау, сондай-ақ, «Робинсон – R-44» тікұшағы көрсетілді. Оған қоса қызметтік-іздестіру иттерін жетектеген кинологиялық қызмет орталығының кинологтары ортаға шықты. Кинологиялық қызмет орталығында неміс, шығыс-еуропалық, қасқыр тұқымдас кәсіби дайындалған қызметтік иттері бар инспектор-кинологтар жұмыс істейді. Қызметтік-іздестіру иттерінің қатысуымен көптеген қылмыс түрлері ашылды.
Мерекелеу аясында спорттық іс-шаралар: гір тасын көтеру, қоян-қолтық ұрыс, жарыс, доп қағу, шахматтан өтетін блиц-турнир болып, жүлделі орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл мереке шаттығынан балалар да қағыс қалмады. Оларға арнап, арнайы ойын алаңы жабдықталды. Балаларға арналған батуттар, ат үстінде серуендеу, Астана қаласы Қуыршақ театры аниматорларының және елорда циркі сайқымазақтарының қатысуымен қойылған көріністер көңілге нұр құйды.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29