Спорт • 27 Ақпан, 2023

Бурабайда бас қосады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 наурызда Ақмола облысы, Бурабай ауданының орталығы – Щучинскіде биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің шы­мыл­дығы түріледі.

Бурабайда  бас қосады

Жер-жаһанның ең дарынды жастары бас қосатын аса жауапты жарыста Қазақ елі намысын Вадим Куралес, Никита Аки­­мов, Данил Червенко, Антон Гуров, Руслан Амурлаев, Арина Крюкова, Полина Его­рова, Кристина Титиевская, Алина Скрип­кина, Әдима Қуанышбекова сынды спортшылар қорғайды. Ал жасөспірімдер сайысында Егор Гребенщиков, Евгений Литвинов, Ілияс Хасенов, Иван Ручьев, Эрик Шефер, Милана Генева, Яна Чупик, Әлема Қарабаева, Валерия Миронова, Мария Польдяеваға сенім артылып отыр.

Биатлоннан дәл осындай деңгейдегі дүбірлі дода Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырғанын айта кеткен абзал. Бұл жарыста 40-тан аса мемлекеттің өкілдері бақ сынайды деп жоспарланған.