Сайлау • 28 Ақпан, 2023

ТМД байқаушылары жұмысын бастады

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы кезектен тыс Мәжіліс сайлауына дайындық барысы мен саяси науқанды өткізу іс-шараларына қатысты мониторинг жүргізуді бастады. Бұл туралы ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте мәлімдеді.

ТМД байқаушылары жұмысын бастады

Алдымен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД бас хат­шы­сының бірінші орынбасары Л.Анфимовпен кез­десіп, алдағы сайлау науқа­ны­ның негізгі кезеңдері туралы ақпарат берді. Атап айт­сақ, партиялық тізімдерді тіркеу қо­рытындылары, саяси пар­тия­­лардың атауларын сайлау бюл­летеніне енгізу бойынша жеребе тарту нәтижелері, жалпы Парламент Мәжілісінің де­путат­тығына кандидаттарды тір­­кеу, оның ішінде бір мандат­ты аумақтық округтер бойынша сай­ланған кандидаттарды тіркеу және халықаралық байқау­­шы­лар­ды аккредиттеу барысын баяндады. ОСК төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда 16 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымнан 163 халықаралық байқаушы аккредиттелген.

Сондай-ақ ол ТМД байқау­шы­лары миссиясына елімізде бұған дейін өткізілген сайлауларға тұ­рақ­ты қатысқаны үшін алғыс айтып, Миссияның осы саладағы үлкен тәжірибесін атап өтті. Ал Миссияның жұ­мы­сын ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов арнайы брифингте таныстырды.

– Бұл біздің Қазақстандағы Парламент және Президент сай­л­­ауындағы 17-ші және жалпы ТМД кеңістігіндегі 120-шы мис­­сиямыз екенін атап өткім келе­ді. ТМД байқаушылары мис­сия­сы­ның құрамына ТМД мемле­кеттері өкілдерінен бөлек, ТМД-дағы қатысушы мемлекет­тер­дің парламентаралық ассам­блея­сы­ның, ҰҚШҰ парламенттік ассам­блеясының, Беларусь пен Ресей парламенттік ассам­блея­сының, ТМД Атқарушы коми­те­тінің байқаушылары кіреді. ТМД байқаушылары миссиясы мүше­ле­рінің жалпы саны шамамен 200 адамды құрайды. Кеше ТМД бай­қау­шылар миссиясы Астанада жұ­мы­сын бастады, – деді Л.Анфимов.

Сонымен қатар миссия өкіл­дері саяси партиялардың сай­лау­алды штабтарымен, депутат­тыққа кандидаттармен бірнеше кездесу өткізіп, барлық дең­гей­дегі сайлау учаскесінің жұ­мысымен танысады. Байқау­шы­лардың негізгі тобы дауыс беруге 2-3 күн қалғанда, яғни 16-17 наурызда Астанаға келе­ді деп жоспарланған. Миссия бай­қа­у­шы­лары дауыс беру барысын тек Астанада ғана емес, елдің өзге де өңірлерінде байқайтын болады.